2024 жылғы 1 қаңтардан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциялары Мемлекеттік кірістер комитетінің қарамағына берілді.
24.12.2024 ж. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Тұрақты негізде экспорттық-импорттық операцияларға мониторинг жүргізіледі.
2025 жылдың басынан бастап 60 әкімшілік материал ресімделді және валюталық түсімді уақтылы қайтаруды қамтамасыз етпеген сыртқы экономикалық қызметке жосықсыз қатысушыларға қатысты 29,4 млрд. теңге сомасында айыппұл салынды.
2025 жылғы валюталық бақылау деректері негізінде бейінді бөлімшелер 242,2 млн. теңге өндіріп алды. Валюталық бақылаудың жекелеген мәселелері бойынша ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында «Валюталық бақылау» бөлімінде орналастырылған,
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/66074?lang=kk сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады.