Меню
Страницы
Қызметі
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Аймақтар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
06 марта 2026
Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «ҰАТ» АҚ тарапынан ЭҮШ/ЭҮСШ жағында жүргізілетін жұмыстарға байланысты МКК ақпараттық жүйелері 2026 жылғы 8 наурызда сағат 02:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта мезгіл-мезгіл қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлайды.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеке шотта оң сальдо қалыптастыру мақсатында кедендік төлемдер мен салықтарды алдын ала төлеу ұсынылады.

06 марта 2026
Құрметті салық төлеушілер!

          Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне» (СӘИЖ) көшуге байланысты 2026 жылғы 6 наурыздан бастап ОБШЖ салық төлеушінің ескі кабинетінде Жеке шотының карточкасы мен Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірмесі, сондай-ақ Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметі өшіріледі.

        Сонымен қатар, аталған есептік нысандарды алдағы уақытта өшіру туралы ақпарат бұрын Комитеттің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған болатын.

        Қазіргі уақытта нысандар СӘИЖ-нің жаңа салық төлеушінің кабинетінде қол жетімді.

        СӘИЖ-нің салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме бойынша өту керек.

        Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыз.

 

06 марта 2026
Құрметті салық төлеушілер!

        Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6 наурыздан бастап жаңа «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне» (СӘИЖ) көшуге байланысты ОБШЖ АЖ сервистерін өшіретін болады:

       берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну (сервисінің кілті ISNA_DEBTS);

      ЕДБ АЖ, МКК порталы, ЭҮП алдағы төлемдер бойынша (сервисінің кілті cifs_upcpays);

      салық төлеушінің жеке шотында төленген сомалар туралы ақпарат беру бойынша (сервисінің кілті uss_city_bvupaymentshistory).

05 марта 2026
МКД кәсіпкерлерге «Таза парақ» тетігін түсіндірді

        2026 жылғы 5 наурызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП), «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің, ҚР ҰЭМ департаментінің директоры Нұрлыбек Шаймаханов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің сондай-ақ Комитеттің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, қатысуымен семинар өтті.

       Іс-шара бейнеконференция форматында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам кәсіпкерді біріктірді.         

       Кездесудің негізгі тақырыбы микро және шағын бизнес субъектілері үшін енгізілген «Таза парақ» арнайы тетігін түсіндіру болды.

       Семинар барысында МКД өкілдері аталған тетіктің мақсаттары мен қолдану тәртібі туралы жан-жақты баяндады. «Таза парақ» тетігі салықтық өзгерістер кезеңінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бизнесті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шаралар кешенінің бір бөлігі екені атап өтілді.

      Кәсіпкерлерге тетіктің қалай жұмыс істейтіні және шағын бизнес субъектілеріне қандай мүмкіндіктер беретіндігі көрнекі түрде көрсетілген түсіндіру бейнематериалы ұсынылды.

      МКД өкілдері атап өткендей, іске асырылып жатқан шаралар кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Кәсіпкерлерге жаңартылған Салық кодексінде көзделген салықтық әкімшілендірудің жаңа ережелеріне бейімделу оңайырақ болады, ал өткен кезеңдердегі міндеттемелерге байланысты әкімшілік жүктеме азаяды.

       Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

05 марта 2026
ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

                      Құрметті салық төлеушілер!

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6-наурызда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.

      Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 6-наурызда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

      - 2026 жылғы 6-наурыздан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

     - 2026 жылғы 6-наурыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

      Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

04 марта 2026
Салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

       2026 жылғы 1 наурызда салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталды.

      Өтпелі  кезеңнің қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің көпшілігі қызметін жүргізудің жеңілдетілген шарттарына бағытталған арнаулы салық режимдерін сақтап қалды немесе таңдады.

     1,2 миллионнан астам кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен арнаулы салық режимін таңдады. Жеңілдетілген декларация шағын және орта бизнес арасында ең танымал режим болып қала береді, себебі ол олар үшін сақталды және жаңартылды.

     Бұл режим жылдық кірісі 600 000 АЕК-ке дейінгі шамамен 2,6 миллиард теңге) салық төлеушілерге қолжетімді.

      Режимнің артықшылықтары:

  1. Жалдамалы жұмыскерлер санына шектеулер жоқ, бұл еңбек қатынастарын заңдастыруға ықпал етеді;
  2. бірыңғай КТС/ЖТС мөлшерлемесі 4%, бұл ретте маслихаттарға мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету немесе жоғарылату құқығы берілген;
  3. Қосылған құн салығынан босату.
  4. Декларацияларды жыл сайын екі рет тапсыру және салықты төлеу.

       Бұл шарттар бизнесті жүргізуді қарапайым, ашық және болжамды етеді.

       Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін 346 мың жеке  адам, оның 265 мың жаңадан тіркелгендер қолданады. Осылайша, салық реформасы 265 мың жеке адамды «көлеңкелі» экономикадан шығарып, ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

      Бұл режим платформалық сервис арқылы жұмысты қоса алғанда, айына 300 АЕК-ке дейінгі (шамамен 1,3 миллион теңге) төмен табысы бар азаматтарға, сондай-ақ жалдамалы қызметкерсіз, эпизодтық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға арналған.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді ҚР азаматтары және бұрын патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы АСР-ді пайдаланған, дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа алмайтын және рұқсат етілген қызмет түрлерімен (40 қызмет түрі) айналысатын қандастар қолдануға құқылы екенін атап өтеміз.

      Режимнің негізгі артықшылықтары – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін міндеттемелерді орындау барынша оңайлатылды:

  1. Дара кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді;
  2. Жеке табыс салығынан босатылады;
  3. Бір ғана міндеттеме –зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналарды қоса алғанда, кірістен 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим азаматтарға ресми түрде жұмыс істеуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғау алуға мүмкіндік береді.

      Өтпелі кезеңнің аяқталуы қолданыстағы салық режимдері бойынша салық төлеушілердің өзекті және ашық құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

02 марта 2026
Кедендік сараптама саласындағы тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту

2026 жылғы 9–10 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кедендік зертханасына Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен келді.

Делегация құрамына Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті Кедендік сараптама орталық басқармасының бастығы Айдан Раджабова, сондай-ақ аталған басқарманың органикалық және бейорганикалық тауарларды сараптау бөлімінің бастығы Гюнай Юнусова-Гамидзаде кірді.

Орталық кедендік зертхана тарапынан іс-шараға ОКЗ басшысының міндетін атқарушы Есимова Мадина Манарбекқызы және зертхананың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Аталған сапар халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ кедендік сараптама саласында озық тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында сараптамалық қызметті жетілдіру, заманауи аналитикалық әдістерді енгізу және зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2026 жылғы 9 ақпанда әзербайжандық тарап өкілдеріне Қазақстан Республикасы ҚМ МКК Орталық кедендік зертханасының сынақ зертханаларын аккредиттеу мәселелеріне арналған презентация ұсынылды. Сонымен қатар, қонақтар үшін зертхана бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, оның материалдық-техникалық базасы, негізгі қызмет бағыттары, қолданылатын аналитикалық әдістер мен сараптамалық рәсімдер таныстырылды.

Сапар бағдарламасында мұнай және мұнай өнімдерін зерттейтін зертханаларды аккредиттеу мәселелерін талқылау ерекше орын алды. Тараптар аккредиттеу талаптары мен рәсімдерінің практикалық аспектілері, сондай-ақ аталған саладағы зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдері Орталық кедендік зертхананың мұнай мен мұнай өнімдеріне сараптама жүргізу барысында қолданылатын заманауи зертханалық аспаптары мен жабдықтарымен, сондай-ақ қолданылатын талдау әдістемелерімен танысты.

Кездесу барысында кедендік сараптама бөлімшелерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Өткізілген келіссөздер серіктестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, кедендік сараптаманың тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Бұл ынтымақтастық екі елдің азаматтары мен бизнес өкілдерінің мүдделеріне қызмет етеді.

 

 

02 марта 2026
Қашықтықтан кәсіби даярлау курсы өтті

 

          2026 жылғы 16-27 ақпан  аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.
          Іс-шараның мақсаты – салық пен кеден саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру. 

Курсқа тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ МКК Орталық аппаратының және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

          Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру  бойынша 26 тақырыпты зерделеді.

          Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.
          А. ж. 27 ақпанында курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.

          Қорытындысында 97 қатысушы курсты сәтті аяқтағаны туралы электронды куәліктер алды.                                 

02 марта 2026
2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы

   

        2026 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуы қамтамасыз етілді.

        2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы 113,7 құрады, бюджетке 2 979,0 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд. теңге немесе 129,4%.

       Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд. теңге) құрады.

       Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды.

       Айта кету керек, мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді.

       Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады. Нәтижесінде, 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд. теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд. теңге.

        Екі айдың қорытындысы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын объективті сипаттайды және кірістердің тұрақты өсуін және алдын ала теріс бағалауға негіздердің жоқтығын растайды.

       Нақты деректер салық түсімдерінің оң динамикасын және ағымдағы макроэкономикалық жағдайларға сәйкес келетінін көрсетеді.

27 февраля 2026
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (Комитет) салық төлеушілердің назарына, мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жұмыс істеуге байланысты мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі деген жалған ақпараттың таралғанын жеткізеді.

ЭШФ АЖ-нің ресми техникалық қолдауы тек ақысыз негізде көрсетілетінін хабарлаймыз.

Ықтимал алаяқтық жүйенің алдын алу, сондай-ақ салық төлеушілердің есептік жазбаларына заңсыз қол жеткізуге жол бермеу мақсатында, Комитет ЭШФ АЖ-сі бойынша тек мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-порталында орналастырылған ресми қолдау арналарына жүгінуді қатаң түрде ұсынады.

ЭШФ АЖ қолдау қызметінің ресми байланыс деректері:

📧 Электрондық пошта: esfsd@kgd.minfin.gov.kz

☎️ Телефон: +7 (7172) 72-51-61

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты