Таразда қылмыстық топ мемлекетке 10 млрд. теңге сомаға залал келтірген

Таразда қылмыстық топ мемлекетке 10 млрд. теңге сомаға залал келтірген

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2009-2020 жылдар аралығында. Тараз қ. аумағында нақты жұмыс жасамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру заңсыз қызметімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі

Тергеу барысында 10 адамнан, сондай-ақ бақылаудағы заңды тұлғалардың басшысы ретінде тікелей тіркелген қатысушылардан құралған қылмыстық топ контрагенттер-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыруды және т.б. жүзеге асырған.

Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 млрд. теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңге қаражаттарына тыйым салынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді.