Қарағандыда облыстың 90 жылдығына арналған көрме ашылады

Қарағандыда облыстың 90 жылдығына арналған көрме ашылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы өңірдің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Экспозицияда облыстың тарихы, мәдениеті, экономикасы және дамуын бейнелейтін көркем қордағы туындылар ұсынылады.

«09–90. Өңірдің бейнелеу өнері» атты көрменің ашылуы 13 ақпанда сағат 16:00-де өтеді. Келушілер кескіндеме, графика және мүсін өнері туындыларын, сондай-ақ Қарағанды облысының қалыптасу кезеңдері мен оның өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың тағдырын айшықтайтын портреттер мен пейзаждарды тамашалай алады.

Көрме 22 ақпанға дейін жұмыс істейді.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайында орналасқан.