Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде Қарағанды облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға арналған бюджет қаражатының артық жұмсалуына әкеп соғуы мүмкін жағдай қалыптасқан. Осы проблеманы болдырмау және көрсетілген қызмет төлемі бойынша берешектің пайда болмауы үшін, artsport.edu.kz платформасы күту режиміне ауыстырылды. Жаңа ваучерлерді беру қосымша бюджеттік қаржыландыру бөлінгенге дейін уақытша тоқтатылды. Бұрыннан бері ашық, тіркелген спорт секциялары бұрынғы режимде жұмыс істеуді жалғастыруда, бірақ балаларды қосымша қабылдау мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі күні Қарағанды облысында жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша 159 секция жұмыс істейді, онда спорттың 24 түрінен 13 906 бала тегін шұғылданады.