ҚҰРМЕТТІ ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Қарағанды облысы су объектілерінде жару жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2025 жылдың 19 наурызы Үлкен Құндызды өзені арнасының 1 учаскесінде Садовое ауыл аумағында осы іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Жарылыс жұмыстарын жүргізу мұз алаңын айтарлықтай әлсіретуге және сең жүру кезеңінде өзенде кептелістің пайда болу жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.
Жарылыстарға тән дыбыстарды естіген соң, елді мекен тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұраймыз.
Құрметті тұрғындар, жарылыс жұмыстарынан кейін мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады, әсіресе балалардың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз және балалардың өзен маңайына жақындауын ерекше назарда ұстауыңызды сұраймыз! Сең жүруі адам өміріне өте үлкен қауіп төндіреді.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.