Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналған Ашық есік күнінде өз қонақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы айтып, кез келген сұрақтарға жауап беру үшін қабылдады. Іс-шара күн тәртібіне көптеген қазақстандықтарды толғандыратын «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбы қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды.
БЖЗҚ мамандары оны виртуалды кеңістікте онлайн өткізді.
Онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер қозғалды. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысқан салымшылар төлем тетігі туралы біліп қана қоймай, өздерінің болашақ зейнетақыларын зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеді. Олар шотты үнемі толтырып отырған жағдайда БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді едәуір ұлғайтуға болатындығына көз жеткізді.
Ашық есік күні қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және белсенді пікірталас ретінде өтті.