Амал күні

Амал күні

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Наурыз мейрамының басталуы – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің алғашқы лебімен бірге жеткен Көрісу күні қасиетті Рамазан айымен қатар келіп, халқымыздың ырыс-ынтымағын еселеуде.

Амал мерекесі - бүгінгі күні ежелгі әдет-ғұрыптарымызды жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Халқымыздың ынтымағын арттырып, ағайын-туыстың бірлігін нығайтты.

Мейірім мен ізгіліктің, береке мен бірліктің мейрамы – Көрісу күні әр шаңырақтың қуанышын еселеп, баршаңызды бақытқа бөлей берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.