Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі - мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі - Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда - қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ).
Зейнетақы қоры ұйымдастырған Ашық есік күні аясындағы онлайн-кездесуде әңгіме БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төңірегінде өрбімек. Онда Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы түсіндірілетін болады. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.
Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерін айтады.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алынған ақпарат журналистерге зейнетақы төлемдері тақырыбын жете түсіну және қарапайым халыққа тарату үшін тиімді болса, кездесудің басқа қатысушыларына өмірлік маңызды мәселеде пайдалы болады деп үміттенеміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз
11.00-ден 12.00-ге дейін қазақ тілінде
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m9e3bf0ebf208262342f05f79919448ee
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2517 125 6723
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456
12.00-ден 13.00-ке дейін орыс тілінде
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mcf078c21af9867f4ae2b9a8122de101f
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 790 4311
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456
15.00-тен 16.00-ға дейін қазақ тілінде https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m55cc205f6224b674b4036e1b9e86117a
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 730 0308
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456
16.00-дан 17.00-ге дейін орыс тілінде
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5b13a527a8464ffeb1eddfb721c2ec66
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2511 727 9015
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456