
🔹Қарағанды облысының төтенше жағжайлар бойынша департаментінің Азаматтық қорғау күштерін дайындау жөніндегі іс-шараларының 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 30-31 қазаны күні Осакаров ауданының аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізілуде.
Кешенді оқу-жаттығу «Бейбіт күндері және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе оның қаупі төнген жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша өтуде.