Аппараттық кеңес өтті

Аппараттық кеңес өтті

Қалалық әкімдікте бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Жиында жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектептердің дайындығы мен «Мектепке жол» республикалық акциясының өткізілуі қаралды. Акция аясында балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жолдардың жағдайы, жылу және су жүйелерінің жұмысы, ағымдағы жедел жағдайлар және «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысы қарастырылды.

Кеңес соңында қала әкімі бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. ТКШ бөліміне – мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларды жарықтандыруды қамтамасыз ету, «Балқаш жылу» мекемесіне – апатты учаскелерді ретке келтіру, тұрғын үй инспекциясына – аула аумақтарындағы тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ қала бойынша көше жарығын толық қалпына келтіру, жол мәселелері,қоқыс шығару және санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу міндеттелді.