Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өңірімізге қарасты аудан, қалаларда тіл саясатына қатысты мәселелерді және жалпы тілдік ахуалды зерделеу, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген халықтың үлесін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Аталған жұмыс 2 қыркүйекте Балқаш қаласында жалғасын тапты. Сауалнамаға 18 жастан асқан 245 респондент қатысты.
Сауалнама сұрақтарына пікір білдіргендердің қатарында көлік және байланыс, өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, білім беру, мәдениет салаларының өкілдері, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсету, сауда-саттық саласында жұмыс істейтіндер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жұмыссыздар және үй шаруасындағы адамдар бар.