Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды

Меритократия қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы лауазымына Какибаев Мейрамғали Қабдылұлы тағайындалды.

Мейрамғали Какибаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын энергетика саласының өндірістік және пайдалану ұйымдарында бастап, жұмысшы және электротехникалық персоналдан инженерлік лауазымдарына дейін қызмет атқарған.

Әр жылдары электр энергетикасы кешенінің ұйымдарында, оның ішінде аумақтық электр желілерінде, «KEGOC» АҚ және «АРЭК» АҚ құрылымдарында еңбек еткен, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінде басшылық лауазымда болды.

Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.