Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 20 қарашасында жылу және электрмен жабдықтау саласындағы жобалар мен 12 коммуналдық кәсіпорынның «пулы» бекітілді.

Сонымен қатар, PforR (program-for-Results) бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 7-13 желтоқсаны аралығында 5 коммуналдық кәсіпорын қамтылды:

-  «Каспий жылу, су арнасы» МКК;

- «Астана АЭК» АҚ;

- «Астана Теплотранзит» АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «Алматы жылу желілері» ЖШС.

       Бірінші кезеңде техникалық-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізілді және желілердің тозу деңгейін төмендету үшін алдын ала жұмыс көлемі анықталды.

       Жалпы, 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ әрбір кәсіпорын бойынша қорытынды есеп дайындайды, әрі қарай практикалық іске асыру үшін негізгі бағыттар айқындалатын болады.