Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппараты басшысының бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратымен келісім бойынша, 2025 жылғы 21 қазаннан бастап Жалғас Алтаевич Шогельбаев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Шогельбаев Жалғас Алтаевич 1991 жылдың 24 наурызында Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2015 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Прагадағы Чех техникалық университетін «Электротехника, энергетика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

2019 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бітірді.

2022 жылы «Болашақ» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2013 жылы Қарағанды қаласындағы «Транспэнергоком» ЖШҚ-да электрмонтажшы болып жұмыс істеуін бастады. Әртүрлі жылдары Қарағанды және Павлодар қалаларындағы энергетикалық компанияларда инженер-энергетик және инспектор болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінде қызмет етті, онда бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары және департамент басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электроэнергетиканы дамыту департаментінің электр энергетикасына инвестициялар басқармасының басшысы лауазымын атқарды

Сәуір 2024 жылдан қазан 2025 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электроэнергетиканы дамыту департаменті директорының орынбасары.