Құдайберген Арымбек «Қазмұнайгазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты

Құдайберген Арымбек «Қазмұнайгазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты

2025 жылғы 21 ақпанда Атырау қаласында «Қазмұнайгазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясы өтті, онда мұнай-газ және мұнай-химия салаларын дамыту мәселелері талқыланды.

Конференцияға Катар мен Ресейден келген отандық бизнес өкілдері мен шетелдік компаниялар, барлығы 150-ден астам компания қатысты.

Аталған іс-шара барысында Қ. Арымбек баяндама жасап, оның шеңберінде Энергетика министрлігінің елішілік құндылықты дамыту бойынша жұмысын, оның ішінде жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерді ТШО, ҚПО және НКОК операторларының сатып алуларына тарту жөніндегі шаралар туралы, оның ішінде Нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын, сондай-ақ тендерлік рәсімдерді қайта қарау арқылы хабардар етті.

Конференция қорытындысы бойынша «ҚР отын-энергетикалық кешенінің Ситуациялық-талдау орталығы» АҚ мен Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы (KazService) арасында еліміздің энергетика секторының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және ұсыну саласындағы жобаларды іске асыруға бірлесіп қатысуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.