2025 жылғы 20 ақпанда Парламент Мәжілісі қабырғасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру аясында ішкі құндылықтарды дамыту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиынға Парламент депутаттары мен бизнес өкілдері қатысты.
Отырыста жергілікті қамтуды дамыту және мұнай-газ жабдықтарын шығаратын отандық өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек пен North Caspian Operating Company (NCOC) басқарушы директоры Джанкарло Рую осы бағытта жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар туралы баяндамалар жасады.
Вице-министр Солтүстік Каспий жобасының сатып алуына қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді тарту шараларын атап өтті.
Осы шаралар шеңберінде нақты көрсеткіштерді белгілеуге және мұнай-газ жабдығын отандық өндірушілер үшін қолжетімділікті жеңілдетуге баса назар аудара отырып, Ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламасын және тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді қайта қарау қарастырылған.
Парламент депутаттары тендерлік рәсімдердің ашықтығын күшейту, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауқымын кеңейту («Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС мысалында), сондай-ақ сервистік кәсіпорындарды отандық тауарларды сатып алуға ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл отырыс Үкіметтің мұнай-газ секторындағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық қамтуды дамыту, сондай-ақ отандық өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау жөніндегі жұмысындағы маңызды қадам болды.
Отырыс соңында Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек Жұмыс тобының 2024 жылға арналған жұмысын қорытындылап, ірі жобалардың үш операторына (ТШО, НКОК және КПО) өз жобаларындағы ішкі құн үлесін арттыру мақсатында негізгі міндеттер мен ұсыныстарды жариялады.
Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы одан әрі жалғасатын болады.