ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті

ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті

2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 6,675 млрд кВт/сағ немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,92% құрады.

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2903,54 МВт болатын 147 жаңартылатын энергия объектілері (100 кВт-тан астам) бар:

- қуаттылығы 1 409,55 МВт 59 жел электр станциясы;

- қуаттылығы 1 222,61 МВт күн электр станциясының 46 нысаны;

- қуаттылығы 269,605 МВт 39 су электр станциясы;

- қуаттылығы 1,77 МВт биогаз электр станциясының 3 нысаны.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуаты 495,57 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 16 нысаны іске қосылды: Ақмола облысы мен Жетісу облысындағы жалпы қуаты 437,1 МВт 12 жел электр станциясы, Алматы және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 3,7 МВт 2 су электр станциясы және Түркістан облысында қуаттылығы 54,77 МВт 2 күн электр станциясы.

2027 жылға дейін қуаттлығы 599,85 МВт болатын 25 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, соңғы жылдары жаһандық тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясатты белсенді түрде жүзеге асыру арқылы ЖЭК секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша елеулі қадамдар жасалды.