Елді газдандыру деңгейі 60%-ға жетті

Елді газдандыру деңгейі 60%-ға жетті

ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында елді газдандыру деңгейін 60 пайызға жеткізу міндетін белгіледі.

 Бүгінде халықтың 60 пайызы немесе 12 миллион адам көгілдір отынға қол жеткізді.

 Бұл көрсеткішке газ тасымалдау жүйесін жаңғырту, оның ішінде қосымша желілерді салу және қолданыстағы желілерді қайта жаңарту есебінен жүзеге асырылды.

 Республикалық бюджеттен барлығы 88 жобаны жүзеге асыруға 81,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба аяқталды немесе 70,2 мың тұрғыны бар 28 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды.

 2024 жылдың соңына қарай елді газдандыру деңгейі 61,1%-ға дейін артады деп күтілуде.