Энергетика министрі АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесті

Энергетика министрі АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесті

Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесіп, энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

А.Сәтқалиев бүгінгі таңда энергетика саласындағы америкалық компаниялармен бірлескен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы табысты жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, америкалық энергетикалық компанияларға жеткізілетін табиғи уран үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде Southern Company, Constellation, Duke Energy және т.б. америкалық компаниялармен 2032 жылға дейін уран өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шарттар жасақталған.

Өз кезегінде, АҚШ сенаторы С. Дэйнс Қазақстанның көміртегі бейтараптығын дамыту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және елдегі жасыл сутегі мүмкіндіктерін дамытудағы елеулі табыстарын атап өтті.