Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр

Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр

2022 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде 2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша 7,3 млрд.кВтсағ электр энергиясы өндірілгенін және тұтынудың оң теңгерімі байқалғанын атап өтті.

 

Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 2319 МВт, қолда бар электр қуаты-1921 МВт.

Өңірді негізгі жылумен жабдықтау көздері 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және басқа жылумен жабдықтау объектілері болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2,4 мың Гкал/сағ, ал қолда бар қуаты 1,8 мың Гкал/сағ.

 

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың орындалуы жоспарға сәйкес 90% болған кезде, орташа есеппен 93,3% орындалды.

 

Сондай-ақ, өңірде жаңартылатын энергия көздері технологиясын қолдану арқылы энергияны өндіру белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істеп тұр, соның ішінде қуаты 216 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 2 МВт болатын 2 биоэлектр станциясы, қуаты 0,6 МВт болатын 1 гидроэлектр станциясы бар,- деп түйіндеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.