Қарағандыда «Энергетиктер аллеясы» ашылды

Қарағандыда «Энергетиктер аллеясы» ашылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды қаласының Экологиялық паркінде «Энергетиктер аллеясын» құру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Жобаның бастамашысы – Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.

Аллея аумағына 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Экологиялық акцияға Іс-шараға Қарағанды облысының басшылығы, департаменттің басшылығы мен қызметкерлері, өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері – «ҚРЭК» ЖШС, «Қарағанды Жарық», «Теплотранзит Қарағанды», «Қарағанды Энергоцентр», «Эргономика», «KEGOC» АҚ және «QAZAQGAZ AIMAQ» өкілдері, сондай-ақ энергетика саласының ардагерлері қатысты.

Ағаш отырғызу жұмыстары өңір энергетиктерінің қаланы көгалдандыруға, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға және қоршаған ортаны сақтауға қосқан ортақ үлесі болды.

Жаңа аллея Экологиялық парктің жасыл аймағының бір бөлігіне айналып, Қарағанды облысы энергетиктерінің бірлігінің символы болмақ. Ол ұрпақтар сабақтастығын және энергетика саласы өкілдерінің өңірді дамытуға қосқан үлесін айшықтайды.

Экологиялық бастамалар мен аумақтарды абаттандыру жобаларын еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыру жоспарланып отыр.