
Астанада Жақып Хайрушевтың төрағалығымен Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, Қоғамдық кеңестің мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде құбырларды ішкіқұбырлық диагностикалау, баға белгілеуді және биржалық сауданы либерализациялау, мұнайды экспорттаудың баламалы бағыттарын зерттеу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде мұнай мен газдың жалпы нарығын қалыптастыру талқыланды.
Талқылау нәтижесінде қарастырылған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар бекітілді.