
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар отын-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде өңірлік энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға және энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және екі мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі мен орнықты дамуы мүддесі жолындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін растады.