Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Астана, 2026 жылғы 1 шілде – Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Министрлік ұжымына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы Айдын Әшуев құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол жаңа Конституция мемлекеттіліктің берік негізі, заңдылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі бағытын іске асырудағы маңызды бағдар екенін атап өтті. Сонымен қатар конституциялық реформалардың маңызына, заң үстемдігі қағидатына, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігіне және «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында Министрлік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының даналарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Баян Жалмағанбетова, Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Жақып Хайрушев, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері Рзабек Артығалиев, Әділ Ұпабеков, Айдос Қолдасов және Фархат Әбытов қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Конституцияның демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейтуге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және қоғам мүддесіне бағдарланған тиімді әрі ашық мемлекеттік басқаруды одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Энергетика министрлігі конституциялық қағидаттарды іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, заңдылықты, ашықтықты қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді тиімді орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізе береді.