Honeywell UOP сарапшылары Энергетика министрлігінің қызметкерлерімен тәжірибе алмасты

Honeywell UOP сарапшылары Энергетика министрлігінің қызметкерлерімен тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлері Honeywell UOP компаниясы ұйымдастырған оқыту семинарына қатысып, мұнай өңдеу экономикасы, мұнай өңдеу зауыттарын жобалау және дамыту саласындағы заманауи халықаралық тәсілдермен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдері мен практикалық тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісіп, Қазақстанның мұнай өңдеу саласын дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысында үздік халықаралық тәжірибелер мен заманауи тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Осындай іс-шаралар мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және Министрліктің жұмысына озық халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал етеді.