
Энергетика министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті. Министрлік ұжымын мерекемен Аппарат басшысы Айдын Ашуев құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік саясатты іске асырудағы және энергетика саласын дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті.
Сондай-ақ салтанатты жиын барысында мемлекеттік қызмет пен энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Министрлік қызметкерлеріне Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгілері табысталды.
Энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қызметкерлер Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен, оның ішінде «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар білікті әрі өз ісіне адал мамандарды тәрбиелеп өсіргені үшін қызметкерлердің ата-аналарына ҚР Премьер-Министрінің және Энергетика министрінің Алғыс хаттары табысталды.
Марапатталған әріптестерді құттықтаған министрлік басшылығы ұжымға жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, мемлекет пен қоғам игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.