Қоғамдық кеңес отырысында мұнай-газ саласының негізгі жобалары қаралды

Қоғамдық кеңес отырысында мұнай-газ саласының негізгі жобалары қаралды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, газ өңдеу зауыттарын салу, отын мен сұйытылған мұнай газын сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ қатысушылар Jet A-1 авиациялық отынын және тұрақты авиациялық отынды (SAF) өндіру перспективаларын талқылады.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, сондай-ақ Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар газ өңдеу зауыттарын салу, мұнай өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, ішкі нарықты отынмен тұрақты қамтамасыз етуге және экономиканың одан әрі өсуіне қосымша жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.