
2026 жылғы 10 маусымда Энергетика министрлігі алаңында «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрайымы Л. Ахмурзинаның төрағалығымен гибридті форматта мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларындағы кәсіптік біліктіліктері жөніндегі Салалық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, білім беру ұйымдарының, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ТШО, НКОК, КПО және басқада ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушыларға «Мұнай мен газды барлау және өндіру», «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» және «Мұнай мен газды өңдеу және өткізу» бағыттары бойынша салалық біліктілік шеңбері мен 2026 жылға арналған салалық кеңес жұмыс жоспарының үш бағыты бойынша кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жөніндегі Жұмыс жоспарының нәтижелері туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, отырыс барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілінің ККЖ (Кәсіби біліктіліктердің ұлттық жүйесі) платформасына кәсіби стандарттарды уақтылы енгізуді қамтамасыз ету туралы ақпараты тыңдалды.
Салалық кеңес отырысының қорытындысы саладағы кәсіби біліктілікті тиімді дамыту үшін барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарын одан әрі өзара іс-қимыл мен үйлестірудің маңыздылығын растады.