
Энергетика министрлігі Аппаратының басшысы Айдын Ашуевтің төрағалығымен «Битрикс» ақпараттық жүйесінде жобалық басқаруды ұйымдастыру және жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында жобалық қызметті ұйымдастыру, жобалық рөлдерді бөлу, сондай-ақ стратегиялық құжаттар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын мониторингтеу мәселелері қаралды.
Энергетика министрлігі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарлары, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023–2029 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жобаларды тұрақты негізде сүйемелдеуді және мониторингтеуді жүзеге асырады.
Кеңес аясында Министрліктің Жобалық офисінің ұйымдастырушылық құрылымы, Ұлттық жобалық офиспен өзара іс-қимыл тәжірибесі, сондай-ақ жобалық менеджментті дамыту саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат ұсынылды.
Жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтау, «Битрикс» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру және белгіленген көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізу үшін орындаушылардың жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Аппарат басшысы құрылымдық бөлімшелерге іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге және жобалық басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.