Жас мемлекеттік қызметшілер «Адал азамат» аясында кәсіби дамуды талқылады

Жас мемлекеттік қызметшілер «Адал азамат» аясында кәсіби дамуды талқылады

Энергетика министрлігінде кадрлық сасат департаментімен “Адал азамат” жол картасы аясында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, жас мамандардың кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсету және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Кездесуге спикер ретінде Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері департаментінің директоры Нұржауған Серікұлы Қалауов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2025 жылғы “Үздік мемлекеттік қызметші” ведомстволық наградасының иегері, Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің бас сарапшысы Динара Серікқызы Аманжолова қатысты.

Спикерлер мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңызы, жас мамандар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер, сондай-ақ тиімді жұмыс дағдыларын қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар уақытты ұтымды басқару, жедел шешім қабылдау, мақсат пен миссияны нақты айқындау бағытында практикалық ұсынымдар берілді.

Кездесу ашық әрі конструктивті форматта өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара қорытындысында тұлғалық және кәсіби дамуға ықпал ететін әдебиеттерді тұрақты түрде оқу ұсынылды.