
1 маусым күні Әзербайжанда өткен BEW 2026 халықаралық энергетикалық форумы аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ Мемлекеттік хатшысының экономика, энергетика және бизнес мәселелері жөніндегі көмекшісі Калеб Оррмен кездесу өткізді.
Тараптар бұған дейін Хьюстон қаласында өткен CERAWeek форумы аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік, энергия ресурстарын жеткізудің тұрақтылығы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Кездесу барысында америкалық тарап қосымша логистикалық әлеуетті дамыту энергетикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Осыған байланысты Транскаспий бағытын дамыту мәселелері қаралды.
Экспорттық жеткізілімдердің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып саналатын көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру, лицензиялық саясатты жетілдіру және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Энергетика министрі кез келген жаһандық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын жеткізетін сенімді әрі жауапты серіктес болып қала беретінін және энергетика, инфрақұрылым мен тұрақты жеткізу тізбектері салаларында Америка