Энергетика министрлігінде Мұнай өндіру және игеру департаментінің директоры тағайындалды

Энергетика министрлігінде Мұнай өндіру және игеру департаментінің директоры тағайындалды

ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Әлібек Мұратұлы Әбілов Мұнай өндіру және игеру департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.
Әлібек Әбілов 1989 жылы дүниеге келген. 2011 жылы University of Tulsa университетін «Мұнай инженериясы (Мұнай ісі)» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2021 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын АҚШ-тың Талса қаласында орналасқан «Marjo Operating» LLC (ЖШС) компаниясында мұнай барлау жөніндегі штаттан тыс маман лауазымында бастаған.
Әр жылдары KMG Rompetrol (Бухарест қ.), «ҚазМұнайГаз» АҚ, «SONI Masterplan» (Romariculture) Srl (Румыния) компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарған.