ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Қымбатты әйелдер қауымы!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен – көктемнің, сұлулық пен жасампаздықтың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау шуақты мерекеде Қазақстанның отын-энергетика кешенінің дамуына өзіндік еңбегімен, талантымен және қажыр-қайратымен баға жетпес үлес қосып жүрген нәзік жандыларға ерекше алғысымды білдіремін. Энергетика саласы әрқашан рухы мықтылардың мекені саналса, бүгінде сіздер ерлермен иық тіресе отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күзетіп келесіздер.

Сіздер күрделі процестерді сәтті басқарып, өндіріске инновациялар енгізіп, ғылыми зерттеулермен айналысып, ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрсіздер. Сіздерге тән асқан жауапкершілік, темірдей тәртіп және ең қиын сәттерде дұрыс шешім таба білу қасиеттері – саламызды ілгерілетуші қуатты қозғалтқыш іспетті.

Осынау көктем мерекесі көңілдеріңізге шуақ пен қуаныш сыйласын. Сіздерге мықты денсаулық, жаңа белестерді бағындыру жолында таусылмас күш-жігер, отбасылық бақ-береке және үйлесімділік тілеймін. Шаңырақтарыңыздан нұр кетпей, әр күндеріңіз жақындарыңыздың күлкісімен нұрлана берсін!

Мерекелеріңізбен, аяулы әйелдер қауымы!

Құрметпен, Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі