Энергетика министрлігі алаңында құзыреттерді теңестіру және Ұлттық біліктілік жүйесін цифрландыру мәселелері талқыланды

Энергетика министрлігі алаңында құзыреттерді теңестіру және Ұлттық біліктілік жүйесін цифрландыру мәселелері талқыланды

Салалық біліктілік жүйелерін дамытуға арналған бірқатар кеңестер мен тренингтер өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі салалық кеңестердің жаңартылған жұмыс моделін таныстырды. Ал мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік кеңесінің төрағасы, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина Энергетика министрлігі мен салалық сарапшылардың қатысуымен қосымша жұмыс кеңесін өткізді.

Қатысушыларға Ұлттық біліктілік шеңберінің жаңартылған нұсқасы, ҰБЖ-ның өтпелі архитектурасы элементтері, сондай-ақ цифрлық құралдар – дағдылар банкі, кәсіби стандарттардың жасанды интеллект негізіндегі конфигураторы және Career Enbek платформасының жаңартылған функциялары таныстырылды.

Екі күн бойы жүргізілген жұмыстар энергетика саласындағы біліктілік жүйесін дамыту векторын үздіксіз үйлестіруге және тиімді ілгерілетуге мүмкіндік берді.