Энергетика министрлігі мен сұйытылған мұнай газы нарығы өкілдері саланы дамыту бойынша жол картасын айқындады

Энергетика министрлігі мен сұйытылған мұнай газы нарығы өкілдері саланы дамыту бойынша жол картасын айқындады

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев сұйытылған мұнай газы нарығының қатысушыларымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандық жанармай қауымдастығына кіретін сұйытылған мұнай газы нарығы компанияларының өкілдерімен саланың жұмыс істеуі мен реттелуіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, сондай-ақ алдағы даму перспективалары талқыланды.

Вице-министр мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, саланың және халықтың мүддесі үшін тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін білдірді.

«Газ саласы – ел үшін стратегиялық маңызды бағыт. Әр бағыттың ерекшелігі мен қажеттілігін түсіну үшін тауарлық газ бен сұйытылған мұнай газын нақты ажырату қажет. Бизнестен келетін ашық кері байланысты бағалаймыз — ол туындайтын мәселелерге уақытылы әрекет етуге және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Көтерілген әр мәселе бойынша біз жол картасын әзірлейміз және жүйелі міндеттерді шешуге арналған алаң ұсынамыз», — деді энергетика вице-министрі.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жүйелі диалог пен бірлескен жұмыс саланың тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.