2025 жылғы 13 мамырда «Үміт – Надежда» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ-да мүгедек адамдармен және олардың отбасы мүшелерімен, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Аталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі «TenQogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы» қызметін ұйымдастыру жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Сатаева қатысып, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, мүгедектігі бар адамдардың және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың жұмыс өтілін есепке алу және т.б. мәселелерді түсіндірді.
Кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер берілді.