2025 жылғы 28 сәуірде мемлекеттік органдар өкілдерімен кәсіпорын басшылығының «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Бұл кездесу кәсіпорын қызметкерлері алдындағы жалақы бойынша берешекке байланысты ұйымдастырылды.Кездесу барысында Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай ауданының прокуроры, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы және «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы қатысты.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы бойынша берешекке байланысты зейнетке шығуға қатысты мәселелер қозғалды.Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Сатаева зейнетақы заңнамасы, еңбек өтілімен табысын есепке алу мәселелері бойынша түсініктеме берді.
Кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер берілді.