2025 жылғы 11 сәуірде «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г.Г. Мусагазина азаматтарды жеке қабылдады.
Департамент басшысы Шыңғысбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков қабылдауға қатысты. Азаматтар зейнетақы төлемдеріне және мүгедектікті белгілеуге қатысты мәселелер бойынша басшыға жүгінді.
Азаматтардың мәселелерін тыңдап, Ш.С. Сұлтанбеков қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берді, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгіну тәртібін түсіндірді.