«Зейнетақы жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы» дөңгелек үстелге қатысу

«Зейнетақы жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы» дөңгелек үстелге қатысу

     2025 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жаңа жол 369» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зейнетақы жүйесіндегі негізгі өзгерістер бойынша дөңгелек үстел өткізді.

 Жұмыс барысында облыс тұрғындарының зейнеткерлік жасқа, әлеуметтік төлемдерді арттыруға, зейнетақы жинақтарының сақталуына, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыруға, жасұрпақты тәрбиелеуге қатысты өтініштері бойынша мәселелер қозғалды.

Дөңгелек үстел жұмысына Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Сатаева және Қостанай облысы бойынша БЖЗҚ филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н. Гордеева қатысты.