Жітіқара ауданында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету

Жітіқара ауданында  «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету

            Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 11-12 сәуір айында  Жітіқара ауданында көшпелі отырыс өткізді. Орталық аудандық аурухана базасында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілген.

            Аудандық аурухана дәрігерлерімен кездесуде 2024 жылғы 12 сәуірде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлерімен қаралды:

  1. «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа толықтыру.
  2. 04.03.2024 ж. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

            Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

            Кездесу жемісті өтті.