«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ағымдағы жылдың 15 наурызында медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары Алау телерадиокомпаниясының жаңалықтар лентасында «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы халыққа түсініктеме берді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерінің бірі «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» болып табылады.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бұл тұрақты функционалдық бұзылудан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік әрекетінің шектеулерін бағалау.

МӘС мақсаты мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу (белгілемеу), сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау болып табылады.

Бүгінгі күні медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің екі түрі бар – күндізгі және сырттай-проактивті куәландыру, ол медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген (29.06.2023 ж. 260 бұйрық).

МӘС жүргізу үшін жіберуші медициналық ұйым берген медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (031/у нысаны) негіз болып табылады.

Күндізгі куәландыру кезінде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы ұсынылған құжаттарды қарау және куәландырылатын адамды қарау арқылы ағзаның жай-күйін және тыныс-тіршілігін шектеу дәрежесін кешенді бағалау негізге алына отырып шығарылады.

Сырттай-проактивті куәландыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында енгізілді және мүгедектікті белгілеу бойынша проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрықпен регламенттеледі, оған сәйкес МӘС республиканың әртүрлі өңірлерінің аумақтан тыс сарапшылары жүргізеді. МӘС бөлімдерінің аумақтан тыс сарапшыларының сараптамалық қорытындысы медициналық ұйымдардан электрондық форматта келіп түскен иесіздендірілген медициналық құжаттарды объективті тексерусіз, интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы қарау жолымен шығарылады.

Пилоттық жоба шеңберінде сырттай куәландыру жүргізілетін аурулар тізбесіне 20 нозология енгізілді. МӘС-тің сырттай-проактивті форматқа толық ауысуы 01.01.2025 жылдан бастап болады.

Куәландыру түрін емдеуші дәрігер медициналық ұйымның ДКК-мен бірлесіп қолданыстағы заңнама негізінде айқындайды.

Бүгінгі күні мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкінің ақпараты бойынша ағымдағы жылы 1700 куәландырылған адамның 800 – ден астамы осы қызметті сырттай-проактивті, яғни МӘС бөлімінде жеке қатысуынсыз алды.

Бұл жоба мүгедектікті белгілеу рәсімін жеңілдету мақсатында тек медициналық мекемеге жүгіну арқылы енгізілді. Сырттай куәландыру көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы медициналық-сараптамалық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді, мүгедектікті белгілеу және МШЖ әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесін автоматтандырады.

Куәландырылатын адамға МӘС оның тұрақты тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

      1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;

      2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;

      3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;

      4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында;

      5) үйінде көрсетіледі;

      6) сырттай;

      7) сырттай проактивті.

Науқастың денсаулық жағдайын ескере отырып, медициналық ұйым дәрігерінің МӘС-ке жолдаудағы қолданыстағы заңнамасы куәландыруды өткізу орнын негіздейді.

МӘС жүргізу қағидаларына негізгі толықтырулардың бірі мүгедектік мерзімін есепке алу жөніндегі тармақ болып табылады. Мүгедектік мерзімін есепке алу жүргізіледі:

         қайта куәландырудың алдыңғы белгіленген күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған кезде – бір айға дейін;

           дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған кезде – үш жылға дейін;

және үшінші тармақпен толықтыру енгізілді:

          әрекетке қабілетсіз деп тану және қамқоршыны тағайындау жөніндегі рәсімдерді жүргізу себебі бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған кезде – бір жылға дейін есептеледі.

Сондай-ақ, балаларды куәландыру кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесіне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы енгізілген. Білім беру түрі мен нысаны мүгедектікті белгілеу кезінде, оның ішінде сырттай проактивті куәландыру кезінде бағаланатын тіршілік әрекетінің санаттарының бірі, оқуға қабілеттілігін шектеуді бағалау үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар негізгі өзгерістердің бірі медициналық-әлеуметтік сараптамаға дәйексіз құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісі анықталған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі бақылау бойынша күндізгі қайта куәландыруды жүргізетіні болып табылады.