Қарабалық және Федоров аудандарында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және / немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету

Қарабалық және Федоров аудандарында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және / немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету

            Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 28-29 наурызда Қарабалық және Федоров аудандарында көшпелі отырыс өткізді. Орталық аудандық аурухана базасында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілген.

            Аудандық аурухана дәрігерлерімен кездесуде 2024 жылғы 28-29 наурызда медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлерімен қаралды:

  1. «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа толықтыру;
  2. 04.03.2024 ж. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

            Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

            Кездесу жемісті өтті.