Ұлт мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел

Ұлт мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел

2026 жылдың 27 тамызында Департаменттің бастамасымен көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым және педагог Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Өлкетану әдебиеті және абонемент бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясында «Тіл-халықтың жаны: Ахмет Байтұрсынұлы» атты әдеби – танымдық бағдарлама өтті. Қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған бейнеролик, кітап көрмесіне шолу ұсынылды-Қазақстан халқының тарихының, мәдениеті мен рухани мұрасының маңызды бөлігі ретінде тілдің маңыздылығын атап өтті.