Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде дәрігерлердің тағылымдамасы

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде дәрігерлердің тағылымдамасы

Департаментте медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың (ДКК) төрағалары мен Қостанай облысының медициналық ұйымдарының дәрігерлерінің тағылымдамасы жалғасуда.

 Тағылымдама барысында дәрігерлер медициналық-әлеуметтік сараптаманың практикалық жұмысымен танысады, куәландыру жүргізудің ерекшеліктерін зерделейді, күрделі жағдайларды талдайды және өзекті сұрақтарға жауапалады. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама дәрігерлері медициналық құжаттаманы ресімдеу сапасына және медициналық ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылға ерекше назараудара отырып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Мұндай тағылымдамалар денсаулық сақтау мамандарына медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысын жақсы түсінуге, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.