Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша семинар-кеңес

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша семинар-кеңес

2026 жылғы 26 маусымда зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Д. Сұлтанова бөлім қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша өткізілді.

Семинар-кеңес барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау қағидалары қаралып, түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, құжаттарды дұрыс ресімдеу және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жиі туындайтын мәселелерді талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау ұсынылды.