
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатқан оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етудің жаңа тетігі жөніндегі реформа – пилоттық жоба туралы Департамент басшысының орынбасары М.О. Сарсенова түсіндіреді.
Ең көп талқыланатын мәселелердің бірі-кейіннен қайтарыла отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға ОТҚ-ның жекелеген түрлерін (кресло-арбалар, тіреуіш арбалары және басқа да жүріп-тұру құралдарын) беру. Бұл ретте протездер мен гигиеналық құралдар сияқты жеке пайдалану құралдары бұл механизмге кірмейді.
Айта кету керек, егер техникалық оңалту құралы адамға белгіленген пайдалану мерзімі ішінде тұрақты пайдалану үшін қажет болса, ол онда қалады және оны басқа адамдарға беру үшін алып қоюға жатпайды.
Жобаның басты мақсаты – ОТҚ алуды ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану мерзімі ішінде үздіксіз пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Айта кету керек: азаматтардың жаңа ОТҚ алу құқығы толығымен сақталады. Белгіленген пайдалану мерзімі өткеннен кейін мүгедектігі бар адам бұрынғыдай Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың жаңа құралын алады, онда ол абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-ны дербес таңдайды.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдаушаралары кеңейіп келеді. Мемлекет ОТҚ-ны қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар оларды пайдаланудың барлық кезеңінде сервистік қызмет көрсетуді, жөндеуді және сүйемелдеуді де өзмойнына алады.
Олүшін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі (ӘТС) құрылады, оның мамандары ОТҚ жай-күйін бағалайды және жөндеу, мерзімінен бұрын ауыстыру немесе қайта пайдалану туралы шешім қабылдайды.Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми орталықтың филиалдары жанынан ОТҚ айырбастау қорымен өтеусіз прокат пункттері құрылатын болады.
Егер оңалту құралы жөндеуді қажет етсе, адам оны мамандарға тапсырып, осы кезеңде уақытша пайдалануға жарамды ОТҚ ала алады. Бұл оңалту мен әлеуметтік белсенділіктің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Егер ОТҚ баланың бойына немесе басқа жеке параметрлеріне сәйкес келмесе, оны мерзімінен бұрын ауыстыруға болады.
Осылайша, жаңа жүйе мүгедектігі бар адамдарды үздіксіз және сапалы әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пилоттық жоба 2026 жылы Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында басталады. Оған ОТҚ-ның 40-тан астам түрін қосу жоспарлануда.