
2026 жылғы 4 маусымда Департамент басшысы А.Е. Мекебаева «Аманат» партиясының Қостанай облыстық филиалының базасында өткізілген азаматтарды қабылдауға қатысты.
Аталған іс-шара облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау, сондай-ақ уәкілетті органдардан кері байланыс алу мақсатында ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.