
Ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап Департаментте медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің базасында медициналық ұйымдардың дәрігерлері мен дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың (ДКК) төрағаларының тағылымдамасы басталды.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.
Тағылымдама барысында дәрігерлер медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысын ұйымдастыру мен, нормативтік-құқықтық базамен, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі мен танысады, медициналық құжаттаманы ресімдеу ерекшеліктерін зерделейді және медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен бірлесіп практикалық жағдайларды талдауға қатысады.
Бұл тәжірибе бірінші жыл емес және өзін мамандардың кәсіби дамуы үшін тиімді алаң ретінде көрсетті. Алынған білім мен дағдылар медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды неғұрлым сапалы дайындауға және алған тәжірибесін күнделікті жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.