Сенатта өнеркәсіптік объектілердегі өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды

Сенатта өнеркәсіптік объектілердегі өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды

  Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары өнеркәсіп нысандарда өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында төтенше жағдайлар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдерімен кездесу өткізді. 

  Комитет төрағасы Андрей Лукин отырысты аша келіп, өнеркәсіп нысандарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өнеркәсіп саясатындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

  Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов депутаттарды ТЖМ өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

  Қазіргі уақытта ТЖМ есебінде 12 256 өндірістік нысан бар. Биылғы жылы 144 нысанға барумен профилактикалық бақылау жүргізілді.

  Сонымен қатар инвесторларды қорғау шаралары іске асырылуда және прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасалды.

  Шаралардың арқасында соңғы үш жылда өндірістік нысандарда өрт, өрт кезінде қаза тапқан адамдардың саны және олардан материалдық залал азайды.

  Отырыс жұмысында өрттің алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.

  Айта кету керек, ТЖМ өз бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға көп көңіл бөледі.

  Отырыс аясында депутаттарға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен сатып алынған өрт сөндірушінің жаңартылған жауынгерлік киімі таныстырылды.